Аймағамбетов: "Жайлы мектеп" үшін қосымша грант бөліп, мұғалім даярлау қажет емес

Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі "Жайлы мектеп" жобасын жүзеге асыру үшін 2026 жылға дейін жедел түрде 120 мың педагог дайындау қажет екенін айтқан.

Соңғы 5 жылда педагогикалық мамандықтар бойынша 200 мыңнан астам маман даярланса, олардың тек 55 мыңы ғана жұмысқа орналасқан. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтты.

"Соңғы 5 жылда педагогикалық мамандықтар бойынша 200 мыңнан астам маман даярланса, олардың 31 мыңы грантпен білім алды. Бірақ, бұл түлектердің тек 55 мыңы ғана жұмысқа орналасқан. Шынайы қажеттілік осындай", – деді министр.

Асхат Аймағамбетов "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынатын мектептерді педагогтармен қамтамасыз ету үшін қосымша грант бөліп, кадр дайындаудың қажет емес екенін айтты.

"2026 жылға дейін тағы 100 мыңға жуық педагогикалық маман оқу бітіреді. Бірақ, жаңадан салынатын мектептерге көп болса, 40 мыңға жуық педагог қажет. Оның бір бөлігі қазіргі үшауысымды мектепте істеп жүрген педагогтер болады. Олар жаңадан ашылған мектептерге ауысады. Яғни, қосымша грант бөліп, артық кадр дайындау қажет емес. Сондықтан біз үшін бастысы – мұғалім саны емес, сапасы және біліктілігін арттыру", – деді министр.

Министр бұл бағытта Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірге педагогикалық бағдарламаларды аккредиттеудің стандарттарын және кадрларды даярлау бойынша кешенді жұмыс атқарып жатқанын айтты.


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынатын мектептерді кадрлармен қамтамасыз ету үшін 2026 жылға дейін жедел түрде 120 мың педагог дайындау қажет екенін айтқан еді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".