АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын береді

Оның тең жартысы ересектерге, қалған бөлігі балаларға арналған.

Ашық НҚА порталында жарияланған ҚР Үкіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісімнің жобасында АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын беретіні айтылған.

Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге арналған болса, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балалар арасында пайдалануға арналған Pfizer екпесі. Оған қоса АҚШ Фармакопеясының талаптарына сәйкес Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.

Келісімге сәйкес, Қазақстан бұл гуманитарлық көмекті тек Қазақстан халқын вакциналауға ғана пайдалана алады. Яғни, вакциналарды сатуға немесе қайта экспорттауға тыйым салынады.

Еске салайық, 26 қазаннан бері Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны жоғарылады. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".