Ақтөбе облысының полицейлері қар құрсауында қалған 68 шетелдікке көмектесті

Автобуста Тәжікстан Республикасының 68 азаматы, оның ішінде 14 әйел және кәмелетке толмаған 4 бала болды.

7 ақпанда Ақтөбе облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самара – Шымкент автожолында қолайсыз ауа райы жағдайында күшейтілген патрульдеу кезінде түнгі уақытта қарлы боранның салдарынан жолда қалған автобусты анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Тәжікстаннан Ресей Федерациясына бағыт алған автобус салқындатқыш жүйесінің ақауына байланысты Хромтау қаласының Ақжар ауылының маңында істен шыққаны белгілі болды. Қазақстан Республикасы азаматының басқаруындағы автобуста Тәжікстан Республикасының 68 азаматы, оның ішінде 14 әйел және кәмелетке толмаған 4 бала болды.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер


Патрульдік полиция жасақтары Ақжар ауылдық округі әкімімен бірлесіп, екі сағаттан астам уақыт бойы өз күшімен жолда қалған жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оларды үш шақырым қашықтықтағы жол бойындағы кемпингке жеткізді. Мұнда олар жылынып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

"Эвакуацияланған тұлғалардың ішінде медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ", – деп атап өтті полиция қызметкері.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".