Ақтөбеде депутат алаяқтық үшін сотталды

Аудандық мәслихат депутаты алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Ақтөбеде сот облыстық мәслихаттардың бірінің депутатына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттардың бірыңғай баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2020 жылы халық өкілі шаруа қожалығының басшысы бола тұра, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 390 миллион теңге несие алған. 1200 бас ірі қара сатып алатын күн белгіленген. Ол кепіл ретінде шын мәнінде шаруа қожалықта жоқ малдарды көрсеткен. Ал алған несие басқа мақсатқа жұмсалған.

Сонымен қатар, жауапкер 2021-2022 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы басқармасынан сатып алынбаған малға азық алу үшін субсидия сұраған. Айыпталушы алған 67 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сотта депутат өз кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот жеткілікті дәлелдемелерді жинаған. Оның ішінде ветеринарлық қызмет қызметкерлерінің айғақтары, тексеру актісі, маманның қорытындысы, шаруа қожалығын тексеру актілері бар.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда төлемін 90 күн кешіктірген адамға несие рәсімдеуге тыйым салынады


Прокурор айыпталушыны алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот айыпталушының төрт кішкентай баласы бар екенін ескерді. Депутат 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда ұйымдастырушылық, әкімшілік және материалдық жауапты қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".