"Ақын" фильмі халықаралық фестивальде үздік атанды

Фильм Бразилия көрермендерінің назарына ұсынылды.

Бразилияда өткен халықаралық Olhar de Cinema кинофестивалінің "Басқа көзқарастар" бағдарламасына қатысқан режиссер Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильмі "Үздік фильм" жүлдесімен марапатталды.

10 елден 8 кинотуынды қатысқан бұл бағдарлама шеңберінде дүниежүзінде түсірілген жаңа картиналар мен басқа фестивальдерде үздік нәтиже көрсеткен фильмдер көрсетіледі.

"Ақын" фильмі Қазақстаннан тыс жерлерде, Бразилияда көрсетіліп, жылы қабылданып жатқанына қуаныштымын. Фильмді түсіргенде бар күшіңді салып, өз мақсатыңа адал болсаң ғана көрерменнің көңілінен шығуға болады деген ойды тағы да бір дәлелдей түскендей", – деді Дәрежан Өмірбаев.


Оқи отырыңыз: "Ақын" фильмінің режиссері Дәрежан Өмірбаев Токиода "Үздік режиссер" атанды


Сонымен қатар, Париждегі "Жорж Помпиду орталығы" заманауи өнер музейінде Халықаралық Берлин кинофестивалінің үздік фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, олардың қатарында көрермен назарына "Ақын" фильмі де ұсынылады. Бұл туралы кинотуындының продюсері Юлия Ким хабарлады.

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".