АКТ терминдерінің қазақ тіліндегі алғашқы сөздігі әзірленеді

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Huawei компаниясымен бірлесіп, қазақ тіліндегі алғашқы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар терминдерінің сөздігін әзірлеу туралы мәселені пысықтап жатыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Сонымен қатар министр қазақстандық студенттер биыл да "Seeds for the Future" әлемдік байқауына қатыса алатынын айтты. Бұл бағдарлама Қытайдағы Huawei ғылыми-зерттеу кампусында тағылымдамадан өтуге және MWC Barcelona 2024 көрмесіне қатысатын ең үздік студенттерді таңдауға мүмкіндік береді.

Студенттерді іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:

  • мамыр – ЖОО деңгейіндегі іріктеу;
  • маусым – онлайн сұхбат;
  • тамыз – Катардағы 8 күндік офлайн курс және Дубайдағы 5 күндік аймақтық лагерь.

Оқи отырыңыз: "Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі" жарыққа шықты


Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінгі таңда Huawei компаниясы елдегі университеттер базасында 29 АКТ академиясын ашқан. Академияларда 4 мыңнан астам студент оқиды, олардың 600-ге жуығы емтихандарды сәтті тапсырып, IT мамандарының сертификатын алған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".