Алаш күнін белгілеу мәселесін Саяси қуғын-сүргін жөніндегі мемлекеттік комиссия қарайды

Қазір комиссия 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесімен айналысып жатыр.

12 желтоқсанды – "Алаш күні" деп ресми бекіту мәселесін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қарайды. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Үкімет басшысы жауабында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша мемлекеттік комиссия қазір 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысып жатқаны жазылған.

"Жыл сайын "Ақ жол" партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын "Алашқа тағзым" шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде ісшаралар ұйымдастырылуда. Көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады", – деп жазылған премьер-министр жауабында.


Оқи отырыңыз: Қарин президентке саяси қуғын-сүргін құрбандары бойынша 31 том құжат ұсынды


Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш республикасының құрылған күні ретінде – "Алаш күні" деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұраған болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".