Алдағы 3 жылда республикалық бюджетке Ұлттық қордан 6 трлн теңге бөлінеді

Есеп жасауда мұнай баррелінің бағасы 39,4-42,3 АҚШ долларына тең болады деген болжам алынған.

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдары республикалық бюджетке алынатын кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын әзірледі. Оған сәйкес, 2025, 2026 және 2027 жылдары республикалық бюджетке Ұлттық қордан 2 трлн теңгеден, жалпы сомасы 6 трлн теңге қаражат бөлінеді. 

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2025 – 2027 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

  • 2025 жыл – бір баррель үшін 42,3 АҚШ доллары;
  • 2026 жыл – бір баррель үшін 41,0 АҚШ доллары;
  • 2027 жыл – бір баррель үшін 39,4 АҚШ доллары" делінген заң жобасында.

Құжаттың түсіндірме жазбасында үкімет басшысы Олжас Бектенов аталған жылдары мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін кірістерге де болжам жасаған. Ол бойынша, 2025 жылы 2,277 трлн теңге, 2026 жылы 2,276 трлн теңге, 2027 жылы 2,277 трлн теңге мөлшерінде Ұлттық қорға қаражат түсуі тиіс.   


Оқи отырыңыз: Ұлттық қорды неге экономикаға құя салмаймыз? Ол қашан таусылады?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".