Әлем елдері жастарды әскерге шақырудан бас тартып жатыр. Қазақстанда жағдай қалай?

Елдің қарулы күштерінің тек 30 пайызын қысқа мерзімді қызметтегі сарбаздар құрайды.

Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Руслан Шпекбаев Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда толықтай кәсіби әскер қалыптастыру туралы сауалына жауап берді.

Оның сөзінше, әлем елдерінің 32 пайызы әскерін аралас жолмен, яғни келісімшартпен жұмыс істейтін кәсіби әскер және қысқа мерзімді сарбаздардан қалыптастырады. Қазақстан да осы қатарда. Еліміздің қарулы күштерінің 70 пайызы келісімшартпен еңбек етеді.

"Қарулы күштерді жасақтаудың әлемдік тәжірибесін талдау әлем елдерінің басым бөлігі (47 пайызы) ерікті түрде, яғни келісімшарт бойынша жасақталатынын көрсетті. 7 пайызы сайлау принципі бойынша жасақтаса, 3 пайызы жақын арада мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесінен бас тартуға әзір", – делінген Руслан Шпекбаевтың жауабында.


Оқи отырыңыз: 


Оның түсіндіруінше, әлемде толықтай кәсіби армия жүйесіне көшу тенденциясы бар. Бұл әскерлерді бірыңғай келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтау қажеттілігі қазіргі заманғы әскери қақтығыстар мен соғыстардың мазмұны өзгеруіне байланысты.

"Оларда қолданылатын қару-жарақ пен әскери техника жоғары білікті мамандардың – кәсіби әскерлердің болуын талап етеді", – деді Руслан Шпекбаев.

Еске салайық, Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биыл қазақстандық 1500 жас әскери борышын өтейді.  

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".