Әлеуметтік азық-түлік тауарларына не жатады және олардың бағасы қалай өзгерді?

Баға туралы ақпарат апта сайын жаңарады. 

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайызға өсті. Ал жылдық мәнде алғанда өсім 23,7 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Оның ішінде нан (0,3%), рожки (0,7%), сары май (0,7%), сиыр еті (0,3%), күріш (1,5%), пияз (2,3%), қырыққабат (3,4%), сүзбе (0,2%), картоп (0,6%), сәбіз (0,8%), тұз (0,5%), айранның (1,1%) бағасы өскен.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат апта сайын барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан жиналады. 


Оқи отырыңыз: Ресейде пияз 500, Өзбекстанда 350 теңге. Қазақстанда да пияз бағасы өсе ме?


Еске салсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар кіреді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары / Сурет: Ұлттық статистика бюросы

2023 жылғы 21 ақпандағы деректерге сүйенсек, 1 л өсімдік майының орташа бағасы – 903 теңге, 1 келі рожки – 309 теңге, 1 келі күріш – 376 теңге.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".