Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды

Борышкерлердің қарызы 14 млрд теңгеге жетті.

Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда алимент төлейтін 80 мыңнан астам адам бар. Ал арасында уақытылы төлемегендердің қарызы 14 млрд теңгеге жетіп отыр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Борышкерлер саны Алматы мен Астана қаласында көп. Екі қаланың әрқайсында екі мыңға жуық әке алимент төлемей жүр. Мұнымен қатар, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарында ер азаматтар баласына көмектесуден қашып жүр.

Сондай-ақ, алимент төлеуден бас тартқан екі мыңнан астам борышкерді полиция іздестіріп жатыр. 


Оқи отырыңыз: "Баласына 15 мың теңгесін қимайды". Алимент өндіру үшін не білу керек?


"Ақшасын бала-шағасынан аяп, ең төменгі айлыққа жұмыс істейтіндер немесе өз табысын азайтып көрсететіндер бар. Мұндайда сот орындаушы өзі тексеріс жүргізіп, нәтижесін Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес, ІІМ-ге жібереді. Ары қарай ІІО алимент төлеуден жалтарып жүр деген тұжырым шықса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деді ҚР әділет министрлігі мәжбүрлі орындау департаментінің бас сарапшысы Мадина Мұқашева. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".