Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдерге: Қолдан келмесе, орынды босатыңыз

Смайылов Үкіметтің әр мүшесінен нақты жұмыс күтетінін ескертті.

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында жұмыс істей алмайтын министрллер мен әкімдердің өз орнын босатуын сұрады.

"Мемлекет басшысы бізден "Жаңа жылға Үүкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?" деген сұраққа нақты жауап күтеді. Мен премьер-министр ретінде президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын", – деді Әлихан Смайылов.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Смайыловқа: Жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма?


Сонымен қатар үкімет басшысы үкіметтің әр мүшесінен де нақты жұмыс күтілетінін ескертті.

"Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал "қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын" десеңіздер, қазірден орынды босатыңыздар. Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады", – деді үкімет басшысы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".