Алматы агломерациясы халқының саны 3,6 миллион адамға жетті

Ал Алматы қаласының өзінде 2,1 млн адам тұрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Алматы агломерациясы халқының саны 3,6 млн адамды құрады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Алматы агломерациясын дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасынан белгілі болды.

Алматы агломерациясына Алматы қаласынан бөлек, Алматы облысының:

  • Есік қаласы;
  • Еңбекшіқазақ ауданының 14 ауылдық округі;
  • Жамбыл ауданының 6 ауылдық округі;
  • Өтеген батыр кенті;
  • Іле ауданының 8 ауылдық округі;
  • Қаскелең қаласы;
  • Қарасай ауданының 10 ауылдық округі;
  • Талғар қаласы;
  • Талғар ауданының 10 ауылдық округі;
  • Қонаев қаласы кіреді.

Еске салайық, қала әкімі Ерболат Досаев 2030 жылға қарай Алматы агломерациясында 4 миллионға жуық адам тұратынын айтқан болатын


Оқи отырыңыз: 


Қазақстан үкіметі Алматы агломерациясын дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарын жүзеге асыруға 30 трлн теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Оның 27,6 трлн теңгесі республикалық, ал 1,6 трлн теңге бөлігі жергілікті бюджеттерден алынбақ. Сондай-ақ, 919 млрд теңге көлемінде жеке инвестициялар тарту көзделген.

Құжат жобасы 24 ақпанға дейін Ашық НҚА порталында онлайн талқыға ұсынылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".