Алматы әлем бойынша ауасы ең лас қала атанды

Фото: express-k.kz
Фото: express-k.kz
Халықтың айтуынша, бүгінде әсіресе Алматының орталық бөлігінде тыныс алу қиын.

Көк аспаны сұрланып, күнде түтін басып қалатын Алматы әлем бойынша ауасы ең лас қала атанды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Швейцариялық IQAir компаниясының соңғы зерттеуі бойынша, Оңтүстік астанамыз Мысырдың Каирі мен Пәкістанның Лахор шаһарын артта қалдырып, алғашқы үштікте көш бастады. Көкке тараған түтін көлемі "өте зиян" деген деңгейге де жеткен. 

Халықтың айтуынша, бүгінде әсіресе Алматының орталық бөлігінде тыныс алу қиын. Сөздеріне сенсек, бірінің басы жиі ауырып, екіншісінің аллергиясы қозатын болыпты. Ауаның ластануы денсаулыққа зиян деген көптің сөзін дәрігерлер де жоққа шығармады. 

"Кейінгі уақытта бронх демікпесі және аллергиясы асқынған науқастар көбейді. Қазір бұл аурулар жастарда жиі байқалып жатыр. Ауаның ластануының кесірінен тыныс алу мүшелерінің дерті қозып жатыр. Тұмаудың асқынуына да әсер етеді. Азаматтарға мүмкіндік болса теңіз ауасымен жиі тыныстауға кеңес беремін", – деді пульмонолог Сәуле Қасенова. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".