Алматы кәсіпкерлік басқармасы қалада дизель тапшылығы қашан шешілетінін айтты

Үш күн ішінде қалаға 6,7 мың тонна дизель келеді.

Қаланың кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Kolesa.kz редакциясына алдағы 5-6 күн ішінде қаладағы дизель тапшылығы мәселесі шешілетінін хабарлады.

Басқарма мәліметінше, 2023 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша, қаланың ірі желілік жанармай құю бекеттері мен мұнай қоймаларында 5,5 мың тонна дизель бар. Тағы 6,7 мың тонна дизель жолда болса, ол үш күн ішінде келеді деп күтілуде.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының желісі арқылы Алматыға қарай тағы 11,3 мың тонна дизель жөнелтілген.

Осы мәліметтерді алға тартқан Алматының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қалада дизель тапшылығы 17 сәуірге дейін шешілетініне уәде етіп отыр.


Оқи отырыңыз: Акимат Алматы прокомментировал ситуацию с дизельным топливом


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".