Алматы мен Қаскелең арасындағы Ташкент тас жолы 6 жолақты болады

Екі арада жаяу жүргіншілерге арналған 7 көпір салынбақ.

Kolesa.kz "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалына сілтеме бере отырып, Алматыдан шығаберіс жолдардың бірі – Ташкент тас жолында көлік кептелісі қалай шешілетінін хабарлады. 

Қазіргі таңда Алматы мен Қаскелең арасындағы көлік кептелісі ең өзекті мәселелердің біріне айналған. 

Басылымның жазуынша, жақын арада құрылысшылар Ташкент тас жолын алты жолаққа дейін кеңейту жұмыстарын бастайды. 19.2-ден 19.7 шақырымға дейінгі "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің жанынан үлкен айналма жол қиылысына дейінгі 500 метрлік бөлікте жұмыс жүреді. Қазір осы бөліктің жол жиегі мен тротуары жасалып жатыр, кейін асфальт төселеді. 

Графика: Kolesa.kz

Ташкент тас жолы 19.7-ден 27 шақырымға дейін, яғни үлкен айналма жолдан Қаскелең көпіріне дейінгі бөлік төрт жолақтан алты жолаққа, ал кері айналатын жол сегіз жолаққа дейін кеңейеді. Биыл жөнделген Райымбек ауылына бұрылыста жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Қаскелеңге дейінгі жаяу жүргінші өткелінің орнына 7 көпір салынады.

Графика: Kolesa.kz

Сондай-ақ, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалы Жоғарғы Қаскелең тас жолын қаладан үлкен айналма жолға дейінгі үш шақырым бөлігін төрт жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталғанын хабарлады. , қазір жолшылар жол жиегі мен тротуарды жасап жатыр. Жоба 2024 жылдың аяғы – 2025 жылдың көктемінде толық аяқталады.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті: жүргізуші ауруханаға жеткізілді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".