Алматы облысында бала сатты деген күдікпен 38 жастағы әйел ұсталды

Аталмыш топ әлеуметтік желідегі surak.baribar парақшасында бала сатумен айналысқан.

Алматы облысында бала сатты деген күдікпен 38 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қылмыстық топтың қызметін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатты.

"25 тамызда әлеуметтік желідегі surak.baribar парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топ туралы жедел ақпарат түсті", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

28 тамызда жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Қызылорда облысының тумасы екені анықталды.

Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".