Алматы облысында браконьерден 50 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

Мемлекетке келтірілген залал 425 844 теңгені құрайды.

27 қазанда "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Балқаш ауданының Құйған ауылы маңында полицейлер көрші Жамбыл облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Балқаш аудандық полициясының баспасөз қызметі.

Ер адам моторлы қайықпен және тыйым салынған моножіпті торлармен балық аулаған.

"Тінту кезінде құқық бұзушыдан 50 келіден астам көксерке, сонымен қатар заңсыз аулау құралдары табылды. Күдіктіге қатысты балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген залал 425 844 теңгені құрайды", – деп атап өтті Балқаш аудандық полициясының бастығы Айдар Умаров.

Тәркіленген балық кейіннен сату және мемлекет пайдасына түскен қаражатты аудару үшін қабылдау пунктіне өкізілді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".