Алматы облысында екі күдіктіден 24 келіден астам мефедрон тәркіленді

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері синтетикалық есірткінің өңірлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

"Алматы облысында есірткі заттарының заңсыз айналымын ұйымдастыруға қатысы бар екі күдікті ұсталды. 36 жастағы азаматтың үйінің сарайын тінту барысында 24 келіден астам мефедрон салынған қаптар табылды. Бұл препараттың мөлшері 72 мың бір реттік дозаға тең. Сонымен қатар 41 жастағы ұсталған адамнан белгісіз тапанша табылып, тәркіленді. Күдікті адамдар ұсталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан. 

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті еліміздің барлық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі қылмысына қарсы күрес үшін барлық қажет шараларды қабылдауды жалғастырып жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".