Алматы облысында пәтер үшін зейнеткер әйелді өлтіруге тапсырыс берген азамат ұсталды

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 миллион теңге ұсынған 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті.

Бұл туралы Polisia.kz сайтының Telegram арнасы хабарлады. 

Мәлім болғандай, 51 жастағы күдікті 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне қатысты Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру жөнінде тапсырыс беріп, 10 миллион теңге ұсынған.

Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды. Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".