Алматы облысында Қазақстандағы ең қарт әже дауыс берді

Қария 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген.

Қазақстандағы ең қарт адам, Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылының тұрғыны 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева сайлауда дауыс берді.

Нұржамал Мергенбаева 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен. Қазір қария төрт баладан 15 немере, 12 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр.

Сондай-ақ, бүгін Қонаев қаласындағы №397 учаскелік сайлау учаскесінің мүшелері зейнеткер Мұқсын Қалдыбаеваға тасымалданатын жәшік алып келді. Ғасырға келген азамат өз үйінде дауыс беру құқығын пайдаланып, жас ұрпақтың да сайлауда белсенділік танытатынына сенім білдірді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".