Алматы облысында сот орындаушысы балалардың алиментін иемденіп алды

Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған.

Көрсетілген уақыт ішінде баланы асырауға сот орындаушысының арнайы шотына борышкердің жалақысынан 816 мың теңге аударылған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы жазды.

Сот орындаушысы бұл ақшаны әрі қарай баланың анасының шотына аудармаған.

"Алимент аударушы ақша аударып отырғанына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады. Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Оқи отырыңыз: Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды


Сондай-ақ, қабылданған шаралармен борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтірілді және ол бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".