Алматы облысындағы 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекетке қайтарылды

Мектеп 250 балаға арналған.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

"Біраз соттастық. Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты үкіметке қайтарып берді", – деді әкім.

Еске салайық, Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылып кеткен.Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай мәжіліс отырысында мәлімдеді. Депутат Алматы облысының әкіміне мектепті тез арада мемлекетке қайтару керегін айтып, екі ай уақыт берген еді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".