Алматы облысының Ұйғыр ауданында Сібір жарасын жұқтырған адамдар саны артты

16 адам ауруханаға жатқызылған.

Алматы облысының Ұйғыр ауданында Сібір жарасын жұқтырған адамдар саны артты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктің мәліметінше, 9 қыркүйекте 16 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 11-інде "сібір жарасы" диагнозы расталды, төртеуінде нәтиже теріс шықты, тағы бір науқастан алынған сынама нақтылануда.

Барлық науқас қажет ем-дом шараларын қабылдап жатыр, олардың жағдайы тұрақты.

"Қазіргі уақытта аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда. Біз өңір тұрғындарын қырағы болуға, ет пен ет өнімдерін тек тексерілген жерлерден сатып алуға, малға күтім жасау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтынын есте ұстаған жөн", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Алмат Тұрысбекұлы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".