Алматы-Өскемен автожолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Алматы-Өскемен тасжолында үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 13 тамыздан 14-іне қараған түні болған. Облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Opel Antara, Toyota Camry және Mercedes Benz автокөліктері 14 тамызда Алматы-Өскемен автожолының 88 шақырымында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".