Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция департаментінің 2,5 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылады.

Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы полициясы концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің 2,5 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылатынын хабарлайды.

"Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға, сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқық бұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу өте маңызды. Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертеміз. Осыған байланысты қонақтарды көліктерін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін олардың бағытын алдын ала реттеуге шақырамыз. Концерт кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетіне, алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуға ерекше назар аударамыз. Аға буын жанкүйерлері мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын", – деді Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.


Оқи отырыңыз: Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертіне 68 елден жанкүйерлері келді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".