Алматы – Қонаев бағытындағы электр пойызы жұмысын тоқтатты

Электр пойызымен жол жүру құны 3 122 теңге болатын.

2017-2021 жылдар аралығында Алматы – Қонаев (бұрынғы Қапшағай – ред.) және Алматы – Қазыбек би бағыттары бойынша электр пойызы жүрген болатын. Алайда жолаушылар аздығына байланысты аталған пойыздар тоқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Жолаушылар аз болғандықтан, Алматы – Қонаев бағытындағы теміржол қатынасы тоқтатылды. Электр пойызымен жол жүру құны 3122 теңге болатын", – делінген әкімдік хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қапшағайға Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс болса, мен қолдаймын 


Алматы – Қонаев теміржолы 71 шақырымға созылып жатыр. Жол ұзақтығы – 1,5 сағат.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".