Алматыда 31 инвесторға салық негізсіз салынған

Фото: Elorda.info
Фото: Elorda.info
Инвесторларға негізсіз төлеген ақшасы қайтарылды.

Алматыда 31 инвесторға салық негізсіз салынған. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Алматы қаласының прокуратурасы инвесторлардың жүйелі проблемаларын шешуде тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. 

Осы қызмет аясында Алматы қаласындағы индустриялық аймақтың 31 қатысушысына (4,5 мың жұмыс орнын құру перспективасы көзделген 188,1 миллиард теңгенің жобаларын іске асыратын) жер телімдерін пайдаланғаны үшін 103 миллион теңге салық төлемдерінің негізсіз есептелгені анықталды.

"Мемлекеттік кіріс органдары салық кодексінің талаптарын және инвесторлардың индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен шарттарында көрсетілген талаптарды ескермеген, оларға сәйкес жер және мүлік салығының сомасы (оның ішінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер) 100 % азаяды", – делінген хабарламада.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен инвесторларға негізсіз төлеген ақшасы қайтарылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".