Алматыда алып-сатарлар нанды үстіне 300 теңге қосып сатқан

Еркебұлан Оразалин қаладағы нан тапшылығын 3-4 күн ішінде шешетінін мәлімдеді.

Қалада алып-сатарлар нанды 300-380 теңгеден сатқан. Ал бөлкенің өз бағасы – 80 теңге, деп хабарлайды "Хабар24" арнасы.

"Соңғы бірнеше күнде бағаны себепсіз көтеру деректері тіркеліп жатыр. Кей алып-сатар нанды 300-380 теңгеден сатқан. Алайда бөлкенің өз құны – 80 теңге", – делінген хабарламада.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының жетекшісі Еркебұлан Оразалин брифинг кезінде қаладағы нан тапшылығын 3-4 күн ішінде шешетінін мәлімдеді.

Мұнымен қатар, ол 10 қаңтар күні тағы бір нан зауытының жұмысын қайта бастайтынын мәлімдеді. Қалған наубайханалар біртіндеп іске қосылады.

"Алматыда бүгін әлеуметтік нан тапшылығы байқалды. Негізгі өндіруші "Ақсай нан" төтенше жағдай кезінде нан өндіру көлемін 2 есе қысқартқан. Супермаркеттерге нан жеткізу тоқтап, шағын маркет иелері нан алу үшін зауытқа баруға мәжбүр болып отыр", – деді телеарнада.

Еске салсақ, қазақстандықтар такси мен отын бағасына шағымдана алатын "жедел желілердің" іске қосылғаны туралы хабарлаған едік. Аталған "жедел желілер" тәулік бойы жұмыс істейді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".