Алматыда дәрігерлер зілзала кезінде қауіпке қарамастан, науқастарға ота жасады

Алматы көпсалалық клиникалық ауруханасында дүмпу қарқын алған мезетте бір емес, бірнеше науқасқа хирургиялық көмек көрсетілді.

Гинекология бөлімінде жүкті келіншекке «кесарь» тілігі, жақ-бет хирургия бөлімшесінде көздің астыңғы сүйегі сынған сырқатқа, ал травматологияда сан сүйегі сынған емделушіге ота жасалған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұдан бөлек, хирургия бөлімінде тағы бір науқастың өтінен тас алыныпты. Аурухана әкімшілігінің айтуынша, барлық ота шамамен 10:50 шамасында басталған. Демек, хирургиялық көмекті тоқтатуға мүмкіндік болмаған.

Сондай-ақ, кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутының қызметкерлері де зілзала кезінде дүрлікпей, отаны аяқтауға күш салған.

"Зілзала кезінде біздің қызметкерлер мен жүруге мүмкіндігі бар науқастар қауіпсіз жерлерге шығарылды. Ал, ауыр хәлдегі сырқаттардың қасында медбикелер мен кезекті дәрігерлер болды", – деді АККА еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Зәуреш Арыстанова.


Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісінен кейін кей мектеп қабырғаларында жарықтар пайда болды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".