Алматыда демалыс күндері бірнеше көшеде қозғалыс уақытша шектеледі

9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне байланысты жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Сейфуллин даңғылы учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі.

9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы қаласы ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысады.

"Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады. Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 8 қараша сағат 23:00-ден 10 қараша сағат 21:00-ге дейін Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі съезд жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Краснодар және Черноморская көшелеріндегі кәріз желілерін қалалық коллекторға қосуға байланысты қойылды.

"Бұл учаскеде кәріз тарату желілерін салу және су құбырын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар Қозыбаев, Рысқұлов, Тәтібеков көшелері және Райымбек даңғылы алаңдарын қамтиды. Жоба Жетісу ауданының 15 мың тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 58 көшеде 42,9 км су құбыры және 15,1 км кәріз желілерін салу қарастырылған", – деп хабарлады Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасынан.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".