Алматыда карантин режимі енгізіледі. Ол қандай аумақты қамтиды

Карантин қаланың 6 ауданындағы аумақтарда жарияланады.

Алматы әкімдігінің қаулы жобасына сәйкес, қала аумағында өсімдік карантині режимін енгізу жоспарланып отыр. Оның мақсаты – қала көшелері мен даңғылдарын, саябақтар мен аулаларды зиянкестер мен арамшөптерден қорғау. 

Қаулыға сәйкес, карантин Алматы қаласының 6 ауданында енгізіледі: 

  • Алмалы – 0,997 га;
  • Бостандық – 2,661 га;
  • Жетісу – 1,07 га; 
  • Түрксіб – 16,11 га;
  • Медеу – 0,56575 га;
  • Наурызбай – 2 га.

Карантиннің жалпы аумағы – 23,40375 гектарға тең. 


Оқи отырыңыз: Алматы облысының алма бақтарында зиянкес көбелектер қаптады


Карантин енгізілетін аумақтар тізімінде қала көшелерінен бөлек, Алматы қаласының халықаралық әуежайы, "Желтоқсан" саябағы, Орталық мәдениет және демалыс паркі, 28 панфиловшылар паркі аталған. 

Карантин уақытында мамандар калифорниялық қалқаншалы сымыр, шығыс жеміс жемірі, мәрмәр қандаласы зиянкестерімен және жусан жапырақты ойраншөп, жіңішке жапырақты арам сояу, қызғылт жатаған у кекіре, көп жылдық ойран шөп арам шөптерімен күреседі. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".