Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 237 қатысушысы ұсталды

Олардан 31 атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді.

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды, деп хабарлады Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы.

Сондай-ақ, "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта  лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

"Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 237 қатысушысы ұсталды. 31 атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

Блок-посттарда 38 адам ұсталған.

"102" басқару пультіне 608 хабарлама, комендатураның call-орталығына жедел әрекет етуді талап ететін  253-і дабыл түскен.

"Барлық хабарлама өңделді", – деді комендатурада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".