Алматыда мопедтердің қатысуымен болатын жол апаттарына көп жағдайда кім кінәлі?

Алматы жолдарында кемінде 50 мың мопед пен электроскутер бар.

Алматыда соңғы бір жылда мопедтер мен электроскутердің қатысуымен 617 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады қалалық ІІБ басшысы Арыстанғани Заппаров.

Заппаровтың айтуынша, Алматы жолдарында кемінде 50 мың мопед пен электроскутер бар.

"Талдау көрсеткендей, жарақат алған жол-көлік оқиғаларының 16,1%-ы мопедтер мен скутер жүргізушілерінің кінәсінен болады. Жол апатының көбі қиылыстарда болады.  Көлік  жүргізушілері оларды байқамай қалады.  Сонымен қатар, мопед жүргізушілерінің көбі қарапайым жол қозғалысы ережелерін білмейді",  – деп түсіндірді Арыстанғани Заппаров.

Заппаров 2,2 миллион халқы бар Алматыда 636 мыңнан астам көлік тіркелгенін атап өтті.


Оқи отырыңыз: Самокатпен сапар миллион теңгеге дейін сақтандырылады. Бұл транспорт иелері қандай ережелерді білуі керек?


Елімізде бес миллионға жуық автокөлік тіркелгенін ескерсек, Алматыға күн сайын шамамен әрбір бесінші көлік қатынайды.

"Өткен жылы мопедтердің қатысуымен 554 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 541 адам жарақат алып, 16 адам қайтыс болды. Электросамокаттарға келетін болсақ, өткен жылы 63 жазатайым оқиға тіркеліп, 48 адам жарақат алып, 3-еуі сқаза тапты", – деп жазды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".