Алматыда оқушыларды тегін тамақтандыру үшін 20 млрд теңге бөлінеді

Алдын ала болжам бойынша, 133 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылады.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, биыл мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру мақсатында жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге сомасында қаражат бөлінеді.

Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жылы Алматы қаласы мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін ыстық тамақты ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

"Осы жылы оқушыларды тегін тамақтандыру мақсатында жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Алдын ала болжам бойынша, 133 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылады", – деді қала басшысы.


Оқи отырыңыз: 1 қыркүйек: Балабақшаларда әлеуметтік осал отбасы балаларына тегін тамақ беріледі.


Сондай-ақ, биыл Алматы әкімдігі Қазақ тамақтану Академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп "Оқушылардың денсаулығын басқару" мектеп тағамдарының жаңа моделін пилоттау жобасын әзірлеуде.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".