Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрондар, оқтан қорғайтын кеудеше табылды.

Алматыдағы арнайы операция кезінде полицейлер екі ер адамнан қару-жарақ тәркіледі, деп хабарлайды қалалық комендатура ақпараттық орталығы.

Екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталды.

Пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрон, оқтан қорғайтын кеудеше, дүрбі, ұялы телефон мен киімдер табылып, тәркіленді. Күдіктілер дүкен тонағандарын мойындады.

"Олар ұрлаған заттарды алып, қаладан кетуді жоспарлағанын айтты. Ұсталғандардың кім екені және жаппай тәртіпсіздіктерге, заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деп хабарлады комендатурадағылар.

Еске салсақ, Алматыдағы ішкі істер департаментіне 9 сағатта 27 рет шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған едік. Тәртіп сақшылары шабуылдаушылардың департаменттің 4 жағынан кірмекші болғанын және қарудың нақты қай жерде тұрғанын білгенін айтады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".