Алматыда такси қызметі бір жылда 41% қымбаттады

Жалпы, ТМД елдері арасында ең қымбат такси – Қазақстанда.

Алматы такси бағасының қымбаттауы бойынша анти-көшбасшы атанды. Бір жылда бұл қызмет мегаполисте 40,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ranking.kz.

Анти-көшбасшыларға қатысты лғашқы үштікке Ақтөбе облысы (+22,1%) мен Шымкент (+16,9%) кірді. Бұл ретте Алматы таксимен жолаушыларды тасымалдау саны бойынша көш бастап тұр: қаңтар-наурызда бұл қызмет қалада 2,5 миллион рет пайдаланылған.

Бір жыл ішінде Қазақстанда орташа есеппен такси бағасы 12,3%-ға өсті. Ай сайынғы тариф өсімі республика бойынша 0,6%-ды, Алматыда 5%-ды құрап, бұл тұрғыда анти-көшбасшы болды.


Оқи отырыңыз: "Үй мен көлігімді саттым". Атыраулық хакер қалай отандық такси қосымшасын әзірледі?


Numbeo мәліметінше, таксимен жүру қазақстандықтар үшін 0,67 доллар тұрады (300 теңгеден аз). Бұл ТМД елдері арасындағы ең үлкен көрсеткіш: мысалы, Ресейде сәйкес тариф орташа есеппен $0,32, Армения мен Өзбекстанда — $0,3, Әзірбайжанда — $0,59 құрайды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".