Алматыда туристік компания қажылыққа барушыларға жалған 143 екпе паспортын жасап берген

Жалған құжат жасаған қылмыскерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматы қаласында туристік компания Сауд Арабиясы патшалығына бет алған қажыларға 143 жалған вакцина паспортын жасаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.  

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тінту барысында жалған құжат жасауға пайдаланылған техника, мөр және бланк табылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. 

Жыл басынан бері жалған вакцина паспорты мен ПТР-тест нәтижесін дайындауға байланысты 30 іс тіркелген. 

Еске сала кетейік, азаматтар жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамалады. 

 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".