Алматыда жаңа 3 жаяу жүргіншілер көпірі салынды

Көпірлердің жалпы ұзындығы шамамен мы4 метр.

Түрксіб ауданының Байрон, Тбилисская және Баймағамбетов көшелерінде жаяу жүргіншілер аймақтарының құрылысы аяқталды. Көпірлердің жалпы ұзындығы шамамен мы4 метр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Үш учаскені тұрғындар бұрын абаттандырылмаған жолдар ретінде пайдаланған.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көше жарықтандыру желілері, баспалдақтар орнатылды және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай қарастырылды.

Әкімдікте "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл Түрксіб ауданы үшін 78 жобаны жүзеге асыруға 1,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінде аулаларды жарықтандыруды, ойын алаңдарын салуды, тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнатуды және жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді қоса алғанда 61 нысан аяқталды.


Оқи отырыңыз: Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?


Жыл соңына дейін балалар алаңдарын салуды, жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді және жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыруды қосқанда тағы 17 жобаны аяқтау жоспарға енген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".