Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы басталды

Полицияға өз еркімен қару-жарақ алып келген азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.

Шара заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

"Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар туралы ақпарат білсеңіз, "102" пультіне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда ұрланған 1347 қарудың мыңнан астамы әлі табылмаған


Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 747 333 91 60; +7 777 346 44 77.

Еске салсақ, Алматыда ұрланған 1 347 қарудың мыңнан астамының әлі табылмағаны туралы хабарлаған едік. Террористер бір уақытта 7 қару-жарақ дүкенін басып алған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".