Алматыда жыл басынан бері үш автобус пен троллейбус өртеніп кетті. Тек бір көлік қалпына келтіріледі

Өрттің шығу себептері әр жағдайда әртүрлі.

Алматыда жыл басынан бері үш автобус пен бір троллейбус өртенді. Олардың бірі 1 жыл ғана жұмыс істеді, деп хабарлады мегаполистің қалалық ұтқырлық басқармасы.

Өртенген автобустар мен троллейбус:

  • 2023 жылы шыққан Foton автобусы. Ол №95 бағыт бойынша жүрген.  Өрттің шығуына автобус үстіндегі жоғары вольтты байланыс желісінің үзілуі себеп болған. Денеге тиген кезде қысқа тұйықталу пайда болды. Көлікті қалпына келтіруге болады.
  • 2018 жылы шығарылған "ПАЗ 320435-04" автобусы, №133А бағыты бойынша қатынайтын. Өрттің шығуына электр тоғынан шыққан тұтану себеп болған (ұшқын пайда болды – Автор). Автобусты қалпына келтіру мүмкін емес, ол есептен шығарылады;
  • 2013 жылы шығарылған Youngman JNP612OGDZ троллейбусы №7 бағыт бойынша жүрген. Өрт жылу жүйесінің сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Троллейбус есептен шығарылады;
  • 2018 жылы шығарылған "МАЗ-203069" автобусы. №89 бағыт бойынша жүрген. Өрттің шығу себебі –қысқа тұйықталу. Автобусты жөндеу мүмкін емес.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды


"Қаланың жер бедері көліктердің тозуына аз әсер етеді, алайда бұл фактор бағыт тарифін белгілеу және маршрутты ұстауға субсидия төлеу кезінде ескеріледі", – деп жауап берді басқарма редакцияның сауалына.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".