Алматының метро станцияларында енді ұялы байланыс пен интернет бар

Таяу уақытта жолаушылар метро вагондарында да ұялы байланысты пайдалана алады.

Алматы метросының 7 станциясында интернетке қосылу мүмкіндігі бар ұялы байланыс іске қосылды, деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі. Әзірге ұялы байланыс қызметін бір ғана оператор көрсетеді. 

Қазіргі таңда ұялы байланыс "Райымбек", "Жібек Жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы театр" және "Алатау" станцияларының платформаларында бар. Дегенмен, таяу уақытта қалған станцияларда да ұялы байланыс іске қосылмақ. 

Әзірге қызметті бір ғана ұялы оператор көрсететін болса, метрополитен әкімшілігі өзге байланыс компанияларын да тартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, интернет пен ұялы байланыс станция платформаларында ғана емес, метро вагондарында да қолжетімді болады. 


Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа метро желісі қайда салынатыны белгілі болды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".