"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иелеріне жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады

Бұл тәсіл алдағы уақытта өзге де мемлекеттік қызметтер көрсетуде қолданылады.

"Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау толықтай автоматтандырылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Соған сәйкес, қызмет көрсету мерзімі 7 күннен 1 күнге дейін қысқарады.

"Егер көп балалы ана "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер Еңбекминінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды" делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы уақытта бұл тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданысқа енгізбек.


Оқи отырыңыз: "Алтын алқалы" аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".