"Алтын белгі", "Алтын алқаның" сатылуы – марапат құны қалмағанының белгісі ме?

Nur Otan партиясының төсбелгісі ғаламторда 40 мың теңгеге бағаланып отыр.

31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы марапат белгілерінің ғаламтор арқылы еркін саудаға шығып жатқаны туралы мәселе көтерді.

Мәселен, Nur Otan партиясының төсбелгісі ғаламторда 40 мың теңгеге бағаланған. Мектептің үздік түлектері иеленетін "Алтын белгісінің" құны 20 мың теңгеден басталады. Ал көпбалалы аналарға берілетін "Алтын алқаны" 25 мың теңгеге сатып алуға болады. Сол секілді түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары иеленген медальдер де еркін сатылымда. Тапсырыс берсеңіз, жеткізу қызметі де жолға қойылған.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, "Алтын белгі" меншік зат болғандықтан, оны сатуға заңмен тыйым салынбайды. Алайда, әр төсбелгіге тиесілі сертификатта иесінің аты-жазылатындықтан оны өзге адамға беруде, сатуда не сыйлауда еш мән жоқ. Тек коллекционер үшін ғана керек болуы мүмкін. Ал Nur Otan партиясының өкілдері партия үздігіне берілетін төсбелгіні саудаға шығарғандарды табу үшін полиция қызметіне жүгінетіндерін жеткізген.

Qazbilim жобасының жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы бұл – қоғамда кез келген марапат түрлерінің еш құны қалмағанын белгісі екенін айтады.

"Қандай да бір атақтың, медальдың сатылуы – сол атақтың құны қалмады деген сөз. Мектепте болсын, мемлекетте болсын, көптеген атақтың құны қалған жоқ. Өйткені, тым қолжетімді болып кетті", – деді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".