Анкарада Қазақстан-Түркия достық саябағы ашылды

Саябақ Анкараның көне тарихи орталығы Мамак ауданында орналасқан.

Анкарада Қазақстан-Түркия достық саябағы ашылды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Анкарада Қазақстан-Түркия достық саябағының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада Мәжіліс спикері саябақтың ашылуы түбі бір, мәдениеті мен тарихы ортақ тамырлас екі елдің достығы мен ынтымағын нығайта түсетінін айтты.

"Қазақта "Ағаш тамырымен мықты, адам достарымен мықты" деген сөз бар. Біз Түркиямен достығымызды, бауырластығымызды жоғары бағалаймыз. Болашақта бұл саябақ Анкара тұрғындары мен қонақтары үшін әсем демалыс орнына айналады деп сенеміз", – деді ол.

Саябақ Анкараның көне тарихи орталығы Мамак ауданында орналасқан. Ауданы – 14 мың шаршы метр.  Онда отбасылық демалыс, жүгіру және дене шынықтырумен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Саябақта Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк жазба ескерткіштері орнатылған. Сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мен дана философ әл-Фарабидің мүсіндері бар.


Оқи отырыңыз: Түркияда Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітаптың тұсауы кесілді


Айта кетейік, 28 сәуірде Ерлан Қошанов Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының кеңесі отырысы мен Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының ХІІ пленарлық отырысына қатысады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".