Антикор: Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары 68 миллион теңге пара алған

Антикор тергеу жүргізіп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекеті туралы айтты.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлық агенттігінің департаменті Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен пара алғанын әшкерелеген. 

"Астана және Алматы қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қаржы министрлігі басқармасының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорындардың 570 миллион теңге салықты негізсіз төлеу бойынша ақпаратқа қол жеткізіп, делдал арқылы фирма өкілінен ақша талап еткен. 68 миллион теңге пара алу кезінде қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал ұсталды", – дейді Данияр Бегайдаров. 

Оның айтуынша, ведомствоның өзге лауазымды тұлғаларының қылмысқа бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тергеу аяқталған жоқ. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".