Антикор теміржол жолаушылар тасымалын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді

Жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде жіберілген елеулі заңбұзушылықтар талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол жолаушылар тасымалын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен көлік министрлігінде теміржол жолаушылар тасымалының проблемалық мәселелері бойынша өткен мәжілісте айтылды.

Жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде жіберілген елеулі заңбұзушылықтар талқыланды.

"Мемлекеттік қолдау есебінен айтарлықтай табыстарға қарамастан, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жекелеген жеке тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл жолаушылар вагондарының санитарлық және техникалық жағдайына қатысты шағымдарына әкеледі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар билет тапшылығы және азаматтарға қолайсыздық тудыратын пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері туралы айтылды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету (поездарды тексеруді аудио-бейнетіркеу, қызметтер сапасы мен айыппұл санкциялары жүйесін бағалау өлшемшарттарын белгілеу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сонымен қатар жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін пысықтауды ұсынды.

"Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мониторингі жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында", – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".