Әнуар Жанғозин "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Бұған дейін ұйымға Күләш Шәмшидинова басшылық еткен.

Әнуар Жанғозин "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ қамқоршылық кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын", – деп жазды ол.


Оқи отырыңыз: Назарбаев мектебінің оқушылары басқа ел азаматтығын алса, гранттан айырылады


Айта кетейік, бұған дейін басқарма төрағасы қызметін Күләш Шәмшидинова атқарған еді. Ал 2023 жылғы 14 ақпанға дейін Әнуар Жанғозин "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы болған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".