Apple Fest фестивалі: Алматы облысының фермерлері 150 тонна алма әкеледі

Фестивальде барлығы алманың 13 түрі болады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала күнін мерекелеуге Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының шамамен 45 бау-бақша серіктестігі қатысады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Тұңғыш Президент Паркінде 16-17 қыркүйекте өтетін Apple Fest фестиваліне 150 тонна алма жеткізуге Алматы облысы шаруашылық қожалықтарының қатысуын ұйымдастырып отыр.

Қала күнін мерекелеуге Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының шамамен 45 бау-бақша серіктестігі қатысады. Фестивальде барлығы алманың 13 түрі, атап айтқанда, Лимонка, Американка, Золотой превосход, Апорт, Кандиль, Грушовка, Айнур, Салтанат, Мельба, Рашида, Пеструшка, Гала және Рахат секілді түрлері ұсынылады.


Оқи отырыңыз: Apple Fest, мейрамханалар жәрмеңкесі, музыкалық фестиваль: Алматыда Қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?


Apple Fest қалалық фестивалі – дәстүрлі мереке және ол «Қала күнін» мерекелеу шеңберінде 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".