Ақмола облысында дүлей дауыл бір ауылдың 30 үйіне зақым келтірді

Жылдамдығы секундына 25-30 метр болған жел елді мекендегі 17 электр бағанын құлатқан.

Ақмола облысында дүлей дауыл соғып, бүтін бір ауылдың астаң-кестеңін шығарды. Жел екпінінен ағаштар тамырымен қопарылып, көшедегі көліктер аударылды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Төтенше оқиға Степногорск қаласының іргесіндегі Изобильное ауылында болды. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан желден отыздан астам тұрғын үйге зақым келіп, бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті. Ал электр желілерінің үзілуінен 150-ге жуық отбасы жарықсыз қалған. Зардап шеккендер жоқ.

"Жылдамдығы секундына 25-30 метр болған жел елді мекендегі 17 электр бағанын құлатты. Бір үйдің шатыры толығымен қирады және 29 тұрғын үйге ішінара зақым келді. Сондай-ақ, ауылдық клубтың 20 шаршы метр шатыры мен қазандық ғимаратының 100 шаршы метр жабындысы жарамсыз болып қалды", – деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".